700 ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН БОЙ КӨТЕРЕДІ

700 ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ  НЫСАН БОЙ КӨТЕРЕДІ

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың өңірлердегі үгіт-насихат жұмысы Алматы облысында жалғасты.

Мұнда РҚШ мүшелері балалар клиникалық ауруханасының қызметкерлерімен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көзделген еліміздің денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бастамаларына тоқталды.

Кандидатымыздың бағдарламасына сәйкес алдағы уақытта елімізде медицина саласын дамытудың тұрақты моделі жасалады. 2027 жылы оны қаржыландыру деңгейі ішкі жалпы өнімнің 5 пайызынан кем болмайды. Сондай-ақ ауылдық жерде 700 жаңа медициналық нысан бой көтереді. 4 миллион ауыл түрғыны мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтылады.

Мұндай қадамдар ұлт денсаулығын жақ­сартуға жарқын жол ашатыны, отандаста­ры­мызға мол мүмкіндік беретіні белгілі. Сон­дықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың басым бағытының бірі – еліміздегі медицина сала­сын жаңғырту деп айтуға толық негіз бар. Сон­дай-ақ РҚШ мүшелері Алматы облысының жұрт­шы­лығы мен көпбалалы аналар, жергілікті жас­тар­мен жүздесіп, кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Жасұлан АЙТҚАЛИЕВ,
Талғар ауданы маслихатының депутаты