ҚР білім беру ісінің үздігі Бекбосынов Матан Рахымбергенұлы 1969 жылы Талғар қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №2 орта мектепті бітірген. Мектеп қабырғасында жүріп алғашқы жаттықтырушысы Республикаға белгілі бапкер Никифоров Анатолий Федоровичтен грек-рим күресінің қыр-сырына қанығады. Сөйтіп ол 1969 жылы Омбы қаласының мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт институтына түсіп, 4 жыл бойы білім алған.
Матан Рахымбергенұлының еңбек жолын 1973 жылы облыстық спорт мектебінде грек-рим күресінен жаттықтырушысы болудан басталған. Осы жылдарда ол грек-рим күресінен көптеген шәкірттер тәрбиелеп шығарды. Солардың бірі Кочиев Айваз Советтер Одағының чемпионы, дүниежүзінің кубогінің жеңімпазы, ҚР төрт дүркін чемпионы атанды. Осы еңбегі үшін Матан Рахымбергенұлына ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағы берілді. 1981 жылы аудандық спорт комитетінің төрағасы, 1988 жылдан бастап, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 1944 жылдан 2018 жыл аралығында Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектепте 24 жыл мектеп директоры қызметін атқарған. Білім саласында 45 жыл қызмет етіп, зейнет демалысына шықты.
Бекбосынов Матан ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Конститутциясына 20 жыл», «7 қысқы Азияда ойындарында қоғамдық тәртіпті күзетуде үздік шыққаны үшін», «Қарулы күштердің ардагерлері» РКБ орталық кеңесі Президумының шешіміне сәйкес «Қазақстан патриоты», «ҚР мәслихаттарына 20, 25 жыл», «Қазақстан Конститутциясына 25 жыл», «Астанаға-10 жыл» төсбелгілерімен марапатталған. Қазіргі кезде аудандық қоғамдық іс-шараларда ат салысып, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқаруда.
Талғар қаласындағы №2 «Алмалы» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 5-6 қазан күндері КСРО-нің спорт шебері, ҚазССР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы әрі ауданымыздың құрметті азаматы Бекбосынов Матан Рахымбергенұлының 70 жас мерейтойына арналған турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен бұл турнирге 2006-2008 жылдары туған жасөспірімдер қатысты. Дүбірлі додада Қонаев қаласы, Талғар ауданы, Іле, Райымбек, Қарасай, Кеген, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Балқаш аудандарынан 128 спортшы күш сынасты. Турнирдің ашылу салтанатына ауданымыздың әкімі Әбдіханов Қайдар Әлиханұлы бастаған бір топ зиялы қауым мен облыстық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының басшысы Ержан Маратұлы және ел мақтанышы Бақтияр Байбейітов, Айваз Кочиев, Аманжол Айтпанбет сынды көптеген спортшылар келді.
Матан Рахымбергенұлын мерейтойымен құттықтаған Талғар ауданының әкімі Қайдар Әлиханұлы алғыс хат табыс етіп, қазақы салт бойынша шапан жауып, сый-құрмет көрсетті. Облыс дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлының атынан ардагерге ақ шапан кигізіп, «Спорт саласының үздігі» төсбелгісі тағып, алғыс хатты салтанатты түрде табыс етілді. Республикалық «Ер намысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерболат Алиядин мерейтой иесіне «Ұлы Дала Батыры» орденін тақса, республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының шеф-редакторы Жандос Аянбек «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалін табыс етті.
Облыстық турнир бойынша 41 келі салмақта I орын:Абельменчинов Алихан (Жамбыл ауданы), II орын: Мұсахан Бекжан (Кеген ауданы), III орынды: Ильяс Қайсар(Райымбек ауданы), Құдайберген Айсұлтан (Еңбекшіқазақ ауданы).
45 келі салмақта I орын: Мұқанғали Ельдар(Балқаш ауданы), II орын: Еркінбек Нұрдіулет (Қарасай ауданы), III орынды: Хасанов Азиз(Талғар ауданы), Бишенқазы Әсет (Кеген ауданы).
48 келі салмақ бойынша, I орын: Қасымбек Нұрғанат (Талғар ауданы), II орын: Сабырбек Ернат (Кеген ауданы), III орынды: Мұхаметрахым Өмірбек (Қонаев қаласы), Алиев Сулейман (Талғар ауданы).
51 келі салмақ бойынша, I орын: Бақытқожа Әкежан (Талғар ауданы), II орын: Супиев Ибрахим (Іле ауданы), III орынды: Қонаев қаласынан келген палуан Молдабек Бағлан мен Юсупов Асанәлі тең бөлісті.
55 келі самақ бойынша, I орын: Тұражы Ерғали (Қонаев қаласы), II орын: Шымболатұлы Темірлан (Қонаев қаласы), III орынды: Кеген ауданынан келген қос палуан Зулхайнар Әбілмансұр мен Сабырбек Ринат иеленді.
60 келі салмақта орынды Талғарлық палуан I орынды Темірғали Ерасыл, ал III орынды Хусейнов Равкат еншіледі. Қонаев қаласынан келген қос палуан II орын: Дүйсенғали Ерасыл, III орынды: Айболұлы Арман қанжығаға байлады.
65 келі салмақта I орын: Қимади Арман (Қарасай ауданы), II орын: Омархан Ғалым (Талғар ауданы), III орынды: Айсабов Дархан (Іле ауданы), Қуанышбек Темірлан (Кеген ауданы).
71 келі салмақта I орын: Анапия Еркебұлан (Кеген ауданы), II орын: Сағымбай Дияс (Жамбыл ауданы), III орынды: Нұрманов Байсұлтан (Талғар ауданы), Мұратқажы Бексұлтан (Қарасай ауданы).
80 келі салмақта I орын: Тұрсынбек Дулат (Жамбыл ауданы), II орын: Камалатдинов Бейбарыс (Қарасай ауданы), III орынды: Кошаковский Али (Талғар ауданы), Аскаров Эльхам (Іле ауданы).
92 келі салмақта I орын: Советхан Бақтұр (Қонаев қаласы), II орын: Омар Мақсат (Балқаш ауданы), III орынды: Тұрсын Ердос (Талғар ауданы) Өскенбай Ерасыл (Қарасай ауданы).
110 келі салмақта I орын: Қабылқақ Айбар (Жамбыл ауданы), II орын: Мұхит Бейбарыс (Қарасай ауданы), III орынды: Қожабай Нұрсұлтан (Райымбек ауданы), Майтұрсынов Нұрдәулет (Талғар ауданы).
Турнир нәтижесі бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған жас спортшылырға жарыс ұйымдастырушыларының демеушілігімен әзірленген арнайы диплом, медальдармен қатар бағалы сыйлықтар табысталды.
Дүбірлі тойы Талғар қаласында орналасқан «Бақыт сарайы» мейрамханада жайылған ақ дастарханда жалғасты. Ал ауданымыздан шыққан атағы жарты әлемге әйгілі, грек-рим күресінен әлем және европа жеңімпазы Айваз Кочиевтің ұстазына жасаған жақсылығы мен құрметі, талай жастарға үлгі болары сөзсіз.
Кәусар Әбдікерім