«Марат» ӨК 2022 жылдың 1 қыркүйектен бастап, жанар жағармайдың, автотехниканың қосалқы бөлшектерінің қымбаттауына байланысты тұрмыстық қатты қалдықты шығару бойынша тарифтің көтерілетінін хабарлайды.
«Марат» ӨК, төрағасы Қ.Сүлейменов, Жарғы негізінде жұмыс атқаратын, бұдан былай аталынған «Орындаушы», бір жағынан және тұрғын үйдің меншік иесі (жалдаушы), бұдан былай аталынған «Тұтынушы» екінші жағынан, төмендегі осы келісім-шартты жасады:
1.Шарттың мәні
1.1. Тұрмыстық қатты қоқыстарды (ТҚҚ) жинауға белгіленген орынынан шығару (әрбір жеке қожайыннан).
2.Тұтынушының құқығы және міндеттері
2.1. Тұтынушы міндеттенеді:
2.1.1. уақыттында осы келісім шартта қойылған мерзім бойынша, ТҚҚ шығару қызметіне ақы төлеуге;
2.1.2. сұйық жуындыларды және тұрмыстық тамақ қалдықтарын төгуге жол бермеуге, күрделі құрылыс жөндеулерден кейінгі қоқыстарды, топырақты, ірі қоқыстарды (үй тұрмысының заттарынан басқа), металл сынығы, бұтақтар, жапырақтарды тастауға;
2.1.3. Күрделі жөндеуден кейінгі құрылыс қоқысы, топырақ, ірі қоқыстар, металл сынығы, бұтақтар, жапырақтар, қазан пештерінің күлдері, күйінділерді үй жанында бөлек жинауға, (шығарылым мәлімдеме бойынша, алдын ала төлем өндірілгеннен кейін);
2.1.4. Күрделі жөндеуден кейінгі құрылыс қоқыстарын, ірі қоқыстарды, (тұрмыстық үй заттарынан басқа), металл сынықтары, бұтақтар, жапырақтар, топырақ, келісілген баға бойынша шығарылады;
2.1.5. Арнайы ТҚҚ үшін белгіленбеген орындарға жинауға, сонымен бірге оларды аулаларда және көшелерде өртеуге жол берілмеуге;
2.1.6. Тұрмыстық қоқыстарды сыйымдылық әдісінде шығару кезінде ТҚҚ-ты тек қана шығару күндерінің кестесіне сәйкес мамандандырылған техниканың келуіне дейін ыдыссыз шығарып қою керек;
2.1.7. Азаматтық-құқылық іске асыру бойынша жылжымайтын мүлігі бар жағдайда, иеленген тұрғын үйден кеткенге дейін немесе тұтынушы қызметке қарыөдың барын жаңа иесіне (жалдаушыға) ескертсін, егер қарызды қайтару міндетін соңғы өз мойнына алса Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес Орындаушымен толық есеп жасалсын;
2.1.8. Үй жанындағы аумақта жиналған қоқыстарды, бұтақтарды, жапырақтарды, қарды жинап алуға.
2.2. Тұтынушы құқылы:
2.2.1. Бекітілген кестеге сәйкес ТҚҚ-ты өз уақытында шығарылуына;
2.2.2. Тарифтер және бағаларды қолдану дұрыстығы туралы мәлімет алуға;
2.2.3. Қызмет көрсету кезіндегі кемшіліктерді Орындаушымен жойылуына осы келісім-шарт бойынша;
2.2.4. Оның құқығы бұзылған жағдайда сот арқылы қорғау болады Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес;
2.2.5. Орындаушымен қызмет көрсету үшін жеке келісім-шартқа отыру.
3.Орындаушының құқығы және міндеттері
3.1. Орындаушы міндетті:
3.1.1. Өз уақытында Тұтынушыға қызмет көрсету, қатты тұрмыстық қоқыстарды шығару келісілген кесте бойынша;
3.1.2. Тұтынушыға төлем құжаттарын ұсыну керек ТҚҚ-ты шығаруға төлеу үшін ағымдағы айдың 15-не дейін;
3.1.3. Тұтынушыға ТҚҚ шығару бойынша қызмет көрсету бағасы және тарифтің өзгерісі туралы 10 күнге дейін бақылаушы арқылы мәлімет беру және хабарландырумен жариялау арқылы.
3.2. Орындаушы құқылы:
3.2.1. ТҚҚ-ты шығаруға төлем Тұтынушыдан уақытында алынсын және келісім шартқа ескерілген төлем мерзімдері бұзылған жағдайда шара қолданылады Тұтынушы қызметке төлемді кідірткенде. Орындаушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңымен сейкес мүліктік талап құқығы ьар.
4. Есеп айырсу тәртібі
4.1. Төлем қоқыстарды шығару бойынша орындалған жұмыстарға айына келісілген нормамен қолданыстағы тарифпен бекіткен белгіленген өкілетті органның тәртібі бойынша.
2022 жылға Талғар қаласы бойынша орнатылған ТҚҚ-ның жиналу көлем мөлшері:
Көп қабатты үйлер – бір жылға адам басына 2,0 текше метр;
Жеке үй (жер үйлер) – бір жылға адам басына 2,3 текше метрді құрайды;
4.2. Абоненттік төлем ақы тарифі жеке үйлерде бір айға адам басына – 420 тенге (жаңа туылған сәбилерді қоса);
4.3. Абоненттік төлем ақы тарифы көп қабатты үйлерде бір айға адам басына 3 70 тенге (жаңа туылған сәбилерді қоса);
4.4.Сыйымдылығы 0,75 шаршы метрді құрайтын 1 контейнер құны (ҚҚС соның ішінде) – 2200 теңге;
4.5. Абоненттік төлем ақы тарифы Елді мекенде тұратын жеке тұлғалар үшін – 1300 теңге;
4.6. Елді мекенде тұратын (Қарабұлақ., Арқабай., Төнкеріс) жеке тұлғалар үшін – 350 теңге.
4.7. ТҚҚ-ты шығару төлем ақысы ағымдағы айдың соңына дейін мекеменің кассасына, АҚ «Казпочта»-ның барлық бөлімшелеріне немесе мекеменің бақылаушысына төлену қажет.
4.8. Көпқабатты үйлерде адам тұратынына немесе тұрмайтынына қарамастан растайтын құжат әкелмей төлем есептеле беріледі.
5.Тараптардың жауапкершілігі және дауларды жөнге салу
5.1. Орындаушы және Тұтынушы шарттың міндеттері орындалмаған және дайықсыз орындалғанда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес жауапты болады.
5.2. Егер тараптардың арасындағы даулар және келіспеушіліктер келіссөз жолымен теттелмесе, олар ҚР-ның қолданыстағы заңына сәйкес сот арқылы шешуге болады.
6. Шарттың қолданылу мерзімі
6.1. Келісім шарт бұқаралық ақпарат құралдарда жариялинған сәттен күшіне енеді, белгісіз мерзімге жасалды деп есептеледі.
7. Ерекше шарттар
7.1. Тұтынушы қоқыстың шығарылуына шарт жасасудан бас тартып және бұзуға құқығы жоқ, біржақты тіршілік әрекетінің процессінде қоқыс көзі пайда болғанда заңсыз тұрақты белгіленбеген оырндарға қалдықтарды тастау қоршаған ортаға негативті әсер етеді.
7.2. Тараптар міндеттемелерді орындамау немесе лайықсыз орындалған жағдайда жауапкершіліктерінен босайды, сонымен бірге осы келісім шарты бойынша олардың оырндауына кедергі жасағандығы үшін (форс-мажорлық жағдайлар) жеңілмейтін күштің жағдайлары пайда болғанда: дүлей апаттар, саяси, азаматтық, әскері даулар, жоғарғы өкімет органдарының шешімі, террорлық акттер, өрттер, тасқын, жарылыстар жеңілмейтін күштің күші жойылғаннан кейін, келісім шарт бойынша жұмысын жалғастырады.
7.3. Осы келісім шарттың күшіне енуі тараптарды өзара міндеттерін орындауынан босатпайды, оның пайда болғанға дейінгіні қабылдауға.
7.4. Осы келісім шарт (Қазақстан Републикасының азаматтық кодексінің 387-ші бабына сәйкес) ашық келісім шарт болып табылады.