Маусым айының 24-нші жұлдызы күні Талғар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі «Талғар аудандық кітапханасының» МКМ-сі кітапханашыларының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жақсылық жаса, үміт сыйла» атты шара өз деңгейінде аталып өтті.
Шарада түрлі спортық сайыстар, атап өтсек, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ түрлерінен түрлі жетістікке жетіп жүрген «Кәусәр Бұлақ» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Аукен Айдос Бегланұлына ауданымыздың ақыны Бексұлтан Қайырғалиұлының қолынан авторлық кітабын естелікке сыйға тартты. Сондай-ақ, Айдос мүмкіндігі шектеулі зағип жандарға арналған кітап оқу аппаратын және түрлі тақырыптардағы кітаптарды сатып алып, кітапсүйер қауымды кітап оқуға шақырды. Шарада кітапхана қызметкерлері «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша шілденің алғашқы жексенбісіне арналған «Домбырам, жүрегіммен үндес едің…», мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығана орай «ҚР-ның мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл» және балаларға арналған кітап көрмелерімен таныстырды.
Сонымен қатар, аталмыш шарада ауданымыздың бірқатар қайраткерлері өз ойын ортаға салып, жетістікке жеткен балаларымызға жылы лебіздерін арнады. Мәселен, Талғар ауданының құрметті азаматы, ақын, сазгер, ҚР Білім беру ісінің үздік қызметкері Камнұр Тәлімұлы, Талғар ауданының құрметті азаматы, ақын Көлбаев Бексұлтан Қайырғалиұлы, Алматы облысы «Тіл оқыту әдістемелік оқыту орталығы» Талғар филиалы орталығының әдіскер оқытушысы Мамырбаева Гүлнәр, Талғар аудандық кітапханасының директоры Харсымов Махамбет Қасымханұлы қорытынды сөз сөйлеп, жас Айдос Бегланұлына сәттілік тіледі.
Ризвангүл Төлегенқызы,
Кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі