ЖЕТІСУ ЖӘНЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА 3,1 МЛРД ТЕҢГЕ АУДАРҒАН

ЖЕТІСУ ЖӘНЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА 3,1 МЛРД ТЕҢГЕ АУДАРҒАН

Бұл тек 1 айда, мамырда аударылған сома.
Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы облысы бойынша филиалы директоры Нұрлан Отарғалиев мәлімдеді.

2022 жылдың мамыр айында жаңа құрылған екі облыс тұрғындарынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін 3,1 млрд теңге аударымдар мен жарналар түсті, — делінген мәліметте.

Ал ел бойынша азаматтар ем-домға мамыр айында 247,7 млрд теңге аударған.

Өңірде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың арасында бірыңғай жиынтық төлем арқылы медициналық сақтандыруға төлейтіндерден Қорға мамыр айында 17,3 млн теңге түсті. Ал жарты жыл ішінде Қорға Жетісу және Алматы облыстарының тұрғындарынан барлығы 13,8 млрд теңге түсті, — дейді басшы.

МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі.