ТАУДА ҚАР КӨШКІНІ ЖҮРІП ӨТУІ МҮМКІН!

ТАУДА ҚАР КӨШКІНІ ЖҮРІП ӨТУІ МҮМКІН!

Алматы облысының тауларында 24-28 наурыз аралығында көшкін қаупі сақталады. Сондықтан, төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан, туристерден және демалушылардан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ тауда қауіпсіздік шараларды сақтауды сұрайды.

Алматы облысының аумағында қар көшкіні қаупі бар 109 учаске бар. Олар: Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Сарқан, Ескелді аудандарында және Текелі қаласында, сондай-ақ Іле Алатауы жотасының оңтүстік беткейінде және Жетісу Алатауы тауларының солтүстік жотасында орналасқан.

Негізінен қар көшкіндерінің түсуі күннің жылынуы мен жаңбыр мен қардың, мол жауын-шашынның түсуі себебінен болады.