«Kinoart 2022» деп аталған VIII халықаралық әуесқой кинорежиссерлардың фестиваліне сонау Қарақалпақстан, Өзбекстан, Қазақстаннан 11 фильм бәйгеге түскен болатын. Біздің елден Шымкент, Алматы қалалары мен Алматы облысы, оның ішінде Талғар ауданының әуесқой кинорежиссерлары да бақ сынады. Қысқа метражды туындылар еркін тақырыпта түсірілді. Талғардан «96 арт студиясының» негізін қалаушы, әрі режиссер Асқар Әділет «Жан айқайы» фильмін 1 аптада дайындап, ұсынған болатын.
Халықаралық кино сарапшылары талғарлық фильмнің кадрларын ұнатып, операторы Дарын Мақсатұлын «Үздік оператор» номинациясымен марапаттады! Марапаттау онлайн және Шымкент қаласында өтті. «Талғар» газетінің фотографы, әріптесіміз Дарын Мақсатұлын «Үздік оператор» атағымен құттықтаймыз! Алар биігің әлі алда болсын!