ТАЛҒАРЛЫҚ КӘСІПКЕР ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІҢ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАП, 100 МЫҢ ТАЛ ҚЫЗҒАЛДАҚ ЕКТІ

ТАЛҒАРЛЫҚ КӘСІПКЕР ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІҢ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАП,  100 МЫҢ ТАЛ ҚЫЗҒАЛДАҚ ЕКТІ

Нұрғали Даригозов 8 наурыз мерекесіне былтыр қазан айынан бастап дайындалған. Кәсіпкер 20 сорттан тұратын 100 мың қызғалдақ еккен. Қызғалдақтар ақпан айының 20-сынан бастап гүлдеп, содан бері талғарлықтар ғана емес, Тараз, Қарағанды, тіпті Өскемен мен Петропавл сатып алушылар келіп, алып кетіп жатыр. Агроном Мұрат Чагамбаев мереке күні қарсаңында саудасы қызатын қызғалдақ өсіру кәсібінің қиындығы көп екенін айтады.

– 2017 жылдан жемісті еңбек етіп келе жатқан жылыжай негізінен көкөніс өсірумен айналысады. Уақыт өте келе қызғалдақ кәсібін бастауға бел байладық. Табысты кәсіп болғанымен, машақаты көп. Қызғалдақ өзіне көңіл бөлгенді, белгілі бір температураны жақсы көреді. Биыл Голландиядан қызғалдақтың 20 сортының тұқымын әкеп ектік. Өніміміз көңіл көншітерлік,

— дейді агроном.