Тұздыбастауда қаңғыбас иттер әкелі – балалыға шабуыл жасады!

Тұздыбастауда қаңғыбас иттер әкелі – балалыға шабуыл жасады!

Оқиға 21 ақпанда сағат төрттер шамасында болған. Тұздыбастау тұрғыны баласын мектептен алып, үйіне қайтып келе жатқан. Жарты жолда алдынан он шақты қаңғыбас ит шыққан. Сөйтіп, жанынан өте бергенде, иттер шабуыл жасаған. Абырой болғанда, ер адам баласын көтеріп, әрең дегенде қашып құтылыпты. Шақыртуға келген ит аулаушылар әкелі-балалыға шабуыл жасаған он шақты иттің алтауын ұстап әкетті.

Алайда, 2 наурыздан бастап қаңғыбас иттерді аулау күрт азаятын көрінеді. Жаңа заңға сәйкес, ит аулаушылар күніне 4-5-тен артық ит аулай алмаймыз деп отыр. Өйткені, кастрация жасауға бір итке кемі 2 сағат уақыт кетеді екен. Одан соң оны бір жетідей емдеп, бағып ұстайды. Бірақ қандай қаражатқа кастрация жасалады, қандай ақшаға бағып-қағады, ол жағы әлі белгісіз!

«Заң шығып кеткен, бірақ қаражат әлі бөлінбеген», – дейді аға ит аулаушы Әлдибек Болысбеков.