Сын сағаттағы ерлік іс

Сын сағаттағы ерлік іс

«Nur Otan» партиясы Талғар ауданы, Панфилов бастауыш партия ұйымының төрағасы, округ әкімі  Серік Шалов елімізде болған жаппай тәртіпсіздік кезінде, 45 мың тұрғыны бар Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылының тұрғындарымен бірлесе отырып ауылымызды бүлікшілерден қорғап қалды.

Толығырақ айтатын болсақ 4 қаңтарда Алматы қаласында тәртіпсіздік басталды, сырт жақпен байланыс үзілген еді. Бір кезде нөмерсіз көліктер пайда болған, ауыл азаматтары көшелерді секторға бөліп аралай бастаған.Әр ауылға мобильді топ бекітілген. Осылайша бірінші оқиға 5 қаңтар күні «Бетонка» деп аталатын, Алматы-Қорғас тас жолында болған. Әскерилерді өткізбей жатыр деген ақпарат тараған. Оқиға орнына  БПҰ төрағасы Серік Шалов келіп мән-жаймен танысып бақылауды өз қолына алады. Округ әкімі запастағы полковник шеніне ие, сол себепті де наразы топ өкілдерімен бетпе-бет сөйлесіп райларынан қайтарған.

Белігілі болғандай ол жерде 100-ден аса адам болған. Олар алты көліктен тұратын  210 жауынгері бар әскери колоннаны тоқтатып, терезелерін сындырып, көліктерін өртеуге ниеттенген.Жиналған топтың мақсаты қару-жарақ, оқ-дәрі, техниканы тартып алып,  жауынгерлерді мүмкіндігінше жою болған. Нәтижесінде үш сағаттық келіссөздерден кейін колонна біздің әскерилер орналасатын жерге еш шығынсыз әкім С.Шаловтың бақылауымен жеткізілді.

 

 

«Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалы