Жаңбыр және үсік

Жаңбыр және үсік

Синоптиктер 9-11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. 10 қыркүйектен бастап Солтүстік циклонның Қазақстан аумағына ығысуына байланысты еліміздің басым бөлігінде, таулы аудандарда және оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде, найзағай мен бұршақ жауу ықтималдығы бар. «Батыс­та, солтүстік-батыста ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде 3-11-ден 5-15 градусқа дейін, күндіз 15-23-тен 20-28 градусқа дейін. Солтүстік пен орталыққа келсек, түнде негізгі фон 2-13 градус болады. Топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Күндіз 15-23-тен 10-20 градусқа дейін, шығыста түнде 2-16, күндіз 15-25 градус, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде 10-18-ден 4-14 градусқа дейін, күндіз 19-30-дан 15-25 градусқа дейін жылы болады деп болжанған», — дейді хабарламада.

Талғар-ақпарат