Індетті еңсеру – басты міндет

Індетті еңсеру – басты міндет

Адамдардың қалыпты өмірін өзгертіп, әбігерге салған індетпен арпалыс өкінішке орай әлі де сейілер емес. Қауіпті індеттің одан ары таралуын тежеуге бағытталған карантиндік шектеу шаралары мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қолға алынып, халықты вакцинациялау шарасы жүргізіліп жатыр. Талғар аудандық орталық аурухананың эпидемиолог мамандарының берген статистикалық мәліметтеріне сүйнер болсақ, қазіргі таңда ковидке шалдыққандар –3197 адам. Аудан бойынша 17 мобильді топ жұмыс істейді. Індетке қарсы 21115 адам вакцина алып, ұжымдық иммунитет қалыптастырып үлгерген. «Спутник V», «Hayat»,«Corona Vac» вакцианалары егіліп, тұрғындар екпеден кейінгі дәрігерлердің бақылауында.

Денсаулық министрінің соңғы мәлімдемесінің негізінде Талғар аудандық мемлекеттік ұйымдар мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Ashyq» қосымшасы арқылы ғана кіруге рұқсат етіліп, карантин талаптары күйшейтілген. Бүгінде ауданымыз жасыл аймақта.

Олай болса, өзгенің өміріне құрметпен қарай отырып, өз өмірімізді сақтауды басты міндет деп санайық!

Талғар -ақпарат