Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі таңда қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Соңғы жылдары отандық медицинада көп нәрсе түбегейлі өзгерді: денсаулық сақтау саласында медицина ғылымы мен ақпараттық технологиялар дамуда, жаңа жоғары технологиялық орталықтар салынуда. Мұндай өзгерістер біздің ауданымызды да айналып өткен жоқ. Өңірімізде денсаулық саласына қатысты тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда. Әсіресе COVID-19 пандемиясы кезінде ауданның ақ халаттылары патриоттық сезіммен, жоғары жауапкершілікпен, кәсіби біліктілігін көрсетіп, еңбек етіп келеді.
Қымбатты ақ халатты абзал жандар!
Сіздердің адал еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз және оның қадірін білеміз. Қызметтеріңізге табыс, болашаққа сенім мен отбасыларыңызға амандық тілеймін! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз.
Қ.Әбдіханов,
аудан әкімі