2020 жылдың 1 шілдесінен қолданысқа енген «Жəбірленушілерге өтемақы қоры туралы» ҚР Заңының 4-бабының 1, 2, 3, 4, 5 тармақшалары, 5-баптың 2,3 тармақшалары, 6, 7, 8 жəне 9-бап, 10-баптың 1-тармағының 4-тармақшасы, 11-бап талаптарына сəйкес. Адам жəбірленуші деп танылғаннан кейін ол қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға өзіне өтемақы тағайындау туралы өтініш жасауға құқылы. Жəбірленушінің не жəбірленуші құқықтары берілген адамның өтінішін қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның қарау мерзімі тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күнді құрайды. Аталған өтінішпен Талғар аудандық полициябасқармасына жүгіну қажет.
Талғар ауданық прокуратурасы