«Халық Арена» стадионына коронавирус жұқтырған науқастарды орыналастыру басталды

«Халық Арена» стадионына коронавирус жұқтырған науқастарды орыналастыру басталды

Алматыда коронавирус инфекциясын (КВИ) жұқтырғандар саны өскен жағдайда резервте тұрған «Халық Арена» стадионына індет жұқтырған науқастар жатқызыла бастады, – деп хабарлайды Талғар-ақпарат ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

«Халық аренасы» қайта іске қосылды. Дерт дендеуі орташа дәрежедегі пациенттерді жеткізеді. Таңертең 18 адам болды. Мұндай шешім мегаполис тұрғындары арасында КВИ таратпауға қарсы күрес аясында қабылданды. Спорт кешенінде 1 мың орын бар. Бастапқыда, онда КВИ бар науқастарға медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған – заманауи жабдықтар қойылған, төсек орындары осы пациенттерді емдеудің барлық талаптарына сәйкес келеді», — деп растайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Соңғы ресми мәліметтер бойынша, Алматыда бір тәулік ішінде 526 адам коронавирус жұқтырған.

Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев инфекциялық стационарларда, модульдерде, клиникалардың инфекциялық бөлімшелерінде, «халық аренадағы» консервацияда 7011 төсек-орын мен 250 реанимациялық төсек-орынды құрайтынын хабарлады.

 

ТАЛҒАР-АҚПАРАТ