Еліміз коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа түсті, — деп хабарлайды ТАЛҒАР-АҚПАРАТ тілшісі ВАК-қа сілтеме жасап.
Белігілі болғандай Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Атырау, Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр.⠀
Ал, Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары болса жұқпалы дерттің «сарыда» белгісін көрсетуде.
Жоғарыдағы тізімге кірмеген қалған өңірлер «жасыл» деңгейінде жүр.
29 наурызда жарияланған эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы Қазақстан «сары» мен «қызыл» аймақтардың шекарасында екенін көрсеткен болатын.
Өткен тәулікте 1445 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі (545 адам) Алматы қаласында тіркелген. Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 243 318-ге жетіп отыр.