АНТИКОР АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОБЫМЕН БІРЛЕСІП ЖАСТАР САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУ САЛАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУДА
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың ақпан айында Жастар саясаты мәселелері басқармасының және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде. Сыртқы талдау жүргізуде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жұмыс тобына сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуын бағалау жөніндегі Арнайы мониторингтік топтың өкілдері енгізілді.
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 8-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында жүргізілетінін атап өтті және екі түрге бөлінеді: сыртқы және ішкі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық департаменттері жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Осыған орай, а.ж. 09 ақпанында Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының алаңында сыртқы талдау жүргізу барысын талқылау бойынша жұмыс кездесу өткізілді. Жұмыс кездесуіне Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы А.Садықов, сондай-ақ жұмыс тобының мүшелері, Алматы облысы бойынша Арнайы мониторингтік топтың төрағасы В. Тен, Арнайы мониторингтік топтың мүшесі А. Ким қатысты.
Талданып отырған саланың өзекті болып табылатынын ескере отырып, сыртқы талдау жөніндегі жұмыс тобы Басқарма құзыретіне кіретін белгілі әкімшілік кедергілер туралы мәліметтерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты upk_almobl@mail.ru электрондық мекенжайға жіберуді немесе 8-7282-609-836 нөмірі бойынша хабарласуға сұрайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің түсіндіруінше, бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған азаматтар 24/7 режимінде 1424 call-орталығына тікелей жүгіне алатынын еске салды.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті