АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ 2020 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ 2020 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

Бүгін Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Ернар Мақажанов Департаменттің 2020 жылғы қызметінің қорытындыларымен БАҚ өкілдерін таныстырды.

Баспасөз конференциясы барысында Ернар Мақажанов Мемлекет Басшысы қойған міндеттерге сәйкес Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша кезең-кезеңімен, сапалы және ойластырылған шаралар қабылдауда, бұл ретте барлық күш-жігер азаматтар мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа және оның барлық көріністеріне қарсы мүдделерін қорғауға бағытталғанын атап өтті.
Ернар Мақажанов атап өткендей осы бағытта, 2020 жыл бойы Агенттіктің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті жедел-тергеу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша жүйелі жұмыс жүргізді.
Ернар Мақажанов 2020 жылы Департаментпен 277 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелгенін, оның 84% — дан астамы сыбайлас жемқорлық болып табылатынын (232) атап өтті.
Аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы залал 4,9 млрд.теңгені құрады, 4,4 млрд. теңге өтелді.
Департаменттің жұмысы ауыр және аса ауыр қылмыстарды анықтауға бағытталған, оларға 52% немесе 142 құқық бұзушылық жатады.
Ең көп таралған сыбайлас жемқорлық қылмыстар – бұл парақорлық — 196 қылмыс (пара алу — 75, пара беру — 117, парақорлыққа делдал болу – 4), лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану – 10, қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық – 7, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан – таражға салу-6, билікті асыра пайдалану-10.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке 144 тұлға тартылды, оның ішінде бірінші басшылар – 36 адам (оның ішінде республикалық деңгейдегі – 1, облыстық деңгейдегі – 8, қалалық — 8, аудандық — 13 және ауылдық – 3).
Ернар Мақажанов брифинг аясында атап өткендей сыбайлас жемқорлыққа аса бейім салалар:
кеден саласы — 2020 жылы 114 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, 33 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
құрылыс саласы- 2020 жылы 28 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, 20 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 11 адам әртүрлі жаза түрлеріне сотталды.
тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы-17 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, 10 адам тартылды, 7 лауазымды тұлға жазаның әр түріне сотталды.
19 сыбайлас жемқорлық қылмысы жер қатынастары саласында орын алған, бұл салада 18 адам жауапкершілікке тартылды.
Денсаулық сақтау саласы-15 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, 11 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 5 лауазымды тұлға әртүрлі жаза түрлеріне сотталды.
Брифинг барысында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Департаменттің кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, түрлі мемлекеттік органдардың қызметкерлері тарапынан заңсыз араласудың және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірудің жолын кесу бойынша белгілі бір жұмыс жүргізетінін атап өтті. Атқарылған жұмыс нәтижесінде 2020 жылы кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың 30 фактісі анықталды, 65 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, 49 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Әр түрлі жазаға 30 лауазымды тұлға сотталды.
Департамент мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында бюджет қаражатын ұрлаудың жолын кесуге ерекше назар аударады. 2020 жылы 45 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 37 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, Ернар Мақажанов брифинг аясында қоғамның қазіргі заманғы болмысы мен қажеттіліктерінің басымдығын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, бірінші кезекте, сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталғанын атап өтті. Өйткені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда «сыбайлас жемқорлықты алдын алу», яғни оның превенциясы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың, сыбайлас жемқорлық мінез-құлықтың туындауына жол бермеу сипатындағы жүйелі шараларға да жетекші рөл беріледі.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алуға мониторингін тұрақты түрде жүргізеді.
Мемлекеттік сатып алу мониторингі шеңберінде Департаменттің күшімен 2020 жылы жүргізілген мониторинг шеңберінде облыс бойынша 4 млрд.097 млн. 208 мың 414 теңге сомасына мемлекеттік бюджеттер үнемделді.
2020 жылы облыстың барлық 20 аудандық және қалалық әкімдігі қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшті. Биылғы жылы ауылдық деңгейдегі әкімдіктер жұмысының осы моделіне көшу жоспарланып отыр.
«Protecting Business and Investments» бизнес пен Инвестицияларды қорғау жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба шеңберінде Департамент 2020 жылы инвесторлармен 700 млрд.теңгеден астам сомаға 55 келісімге қол қойды.
Департаментпен «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы шеңберінде Publicbudget.kz» 2020 жылы жалпы сомасы 935,1 млрд.теңгеге 1740 мемлекеттік ұйымның бюджетін жариялау қамтамасыз етілді.
Департаментпен 2020 жылы 12 сыртқы талдау және 17 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Оның шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім салалар мен бағыттар анықталды. Сыртқы талдау қорытындылары бойынша 194 ұсыным әзірленді, оның ішінде бүгінгі күні талдау объектілері 178 ұсынысты орындады, бұл 91,7% — ды құрайды. Бүгінгі күні жүргізілген талдау жұмысының қорытындылары бойынша 934 нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (41 — сыртқы талдау желісі бойынша, 893 — мониторинг желісі бойынша).
Сонымен қатар, Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және азаматтар арасында парасаттылық қағидаттарын насихаттау мақсатында 150-ден астам сыбайлас жемқорлыққа қарсы ролик әзірледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттау мақсатында көрнекті тұлғаларға арналған 13 мурал (сурет) салынды.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

Алматы облысы бойынша департаменті