Елбасы Өзбекстан мемлекетіне іс сапармен жүріп Головкиннің шайқасын тікелей эфирде тамашалап жеделхат жолдады.

Елбасы Өзбекстан мемлекетіне іс сапармен жүріп Головкиннің шайқасын тікелей эфирде тамашалап жеделхат жолдады.

?Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарындағы Лас-Вегаста өткен WBA, WBC, IBO, IBF және The ring тұжырымдары бойынша бокстан әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек аяқталған соң Геннадий Головкинге жеделхат жолдады.

✏«Миллиондаған қазақстандықтар саған бір ауыздан қызу қолдау көрсетті. Сен тартысты әрі жанкешті жекпе-жекте айрықша табандылық танытып, қажымас қайрат пен асқан шеберлік көрсеттің.
Сенің кәсіпқойлығың, зор қабілетің, қол жеткізген абырой-беделің, ең бастысы – өз ісіңе шексіз адалдығың келешектегі жарқын жеңістеріңнің кепілі бола берсін», – делінген жаделхатта.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев боксшыға зор денсаулық және алдағы белестеріне табыс тіледі.