Іле ауданының 3 тұрғыны COVID-19 инфекциясын жұқтырды

Іле ауданының 3 тұрғыны COVID-19 инфекциясын жұқтырды

Іле ауданы ауданының 3 тұрғыны коронавируспен ауырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

1967, 1991, 1959 жылы туған азаматтар – Өтеген батыр кентінің, Түймебаев пен Междуреченск ауылдарының тұрғыны.

Вирусологиялық зерттеулер нәтижесі оң болғандықтан, олар Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Олармен байланыста болған 18 адам медициналық қызметкерлердің бақылауына алынды.

Жалпы 24 сәуір күнгі сағат 18.30-дағы жағдай бойынша Алматы облысында COVID-19 инфекциясымен ауырғандар саны 71 болды

Талғар-ақпарат