Қосымша ақпарат!!!

Қосымша ақпарат!!!

Елде төтенше жағдай жарияланып және карантин енгізуге байланысты мемлекет әлеуметтік төлемдер төлеу туралы шешім қабылдады. Бұл төлемдерді төлеу үшін  қаражат аударылатын карт-шот болуы керек.

Ол үшін:

  • мобильдік қосымшада (егер болмаса, жүктеу және орнату), не екінші деңгейлі банктің сайтында шот ашу
  • тіркелу және қашықтан сәйкестендіруден өту
  • мобильді телефон нөмірін және ЖСН енгізу
  • жеке куәлікті сканирлеу (сұратқан жағдайда)
  • картаның ашылғанын растау үшін SMS кодын енгізу қажет

Клиент бірнеше минут ішінде шот нөмірі бар SMS алады Сонымен бірге, клиенттер үшін онлайн сервистердің басқа да қызметтері қолжетімді болады, олар коммуналдық төлемдерді, байланыс қызметтерін төлеу, салым ашу, салықтық төлемдерді жүргізу, POS/SMART терминалдар бойынша үзінді-көшірме алу. Барлық операциялар комиссияларсыз жүзеге асырылады.

Кеңес алу үшін, сондай-ақ Сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңіз бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Талдықорған қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасына +7 (7282) 55-95-05 телефоны арқылы хабарласыңыз.

Талғар-ақпарат