Құрметті Алматы облысының тұрғындары. Бүгінгі таңда коронавирус өмірдің барлық саласына өзгеріс еңгізді. Қазақстан да, басқа елдер сияқты, вирустың таралуын азайту мақсатында қажетті шараларды қабылдады – елде төтенше жағдай жарияланып және карантин енгізілді. Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде табысы жоғалған азаматтар мен кәсіпкерлердің жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету мақсатында, мемлекет 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер төлеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, «Birgemiz» Қоры Қазақстанның ең мұқтаж азаматтарына 50 мың теңге бөлінеді. Бұл төлемдерді төлеу үшін қаражат аударылатын карт-шот болуы керек.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі екінші деңгейдегі банктермен банк филиалдарына бармай-ақ, төлем карталарын қашықтықтан алу алгоритмін жасады. Осылайша, әлеуметтік төлемдер алуға арналған банктік карталар қашықтан және ақысыз беріледі.
Бүгінгі таңда 14 қаржы институты бұл қызметті қашықтықтан ұсынады. Ол үшін:
- мобильдік қосымшада (егер болмаса, жүктеу және орнату), не банктің сайтында шот ашу
- тіркелу және қашықтан сәйкестендіруден өту
- мобильді телефон нөмірін және ЖСН енгізу
- жеке куәлікті сканирлеу (сұратқан жағдайда)
- картаның ашылғанын растау үшін SMS кодын енгізу қажет
Клиент бірнеше минут ішінде шот нөмірі бар SMS алады. Кейбір екінші деңгейдегі банктер сондай-ақ картаны жеткізу бойынша қызмет көрсетеді. Орташа алғанда бұл рәсім 1 – 3 жұмыс күн аралығында жүзеге асырылады. «Қазақстанның Халық банкі» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «ForteBank» АҚ және «Сбербанк» АҚ» ЕБ төлем картасын пайдаланбай-ақ қолма-қол ақша алуға болады. Азаматтардың банк шоттарына банктердің әлеуметтік және қайырымдылық төлемдерді есептеуі кезінде Агенттік банк комиссияларын алуға тыйым енгізді.Сонымен бірге, клиенттер үшін онлайн сервистердің басқа да қызметтері қолжетімді болады, олар коммуналдық төлемдерді, байланыс қызметтерін төлеу, салым ашу, салықтық және кедендік төлемдерді жүргізу, жалақы аудару, ақша қаражатының жіберілу жолын қадағалау, POS/SMART терминалдар бойынша үзінді-көшірме алу. Барлық операциялар комиссияларсыз жүзеге асырылады.
Кеңес алу үшін, сондай-ақ Сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңіз бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Талдықорған қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасына +7 (7282) 55-95-05 телефоны арқылы хабарласыңыз. (Дүйсенбі — жұма 9: 00-ден 17: 00-ге дейін, демалыс — сенбі, жексенбі).
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
жөніндегі агенттігі
Талдықорған қаласындағы
Өңірлік өкілдер басқармасы