Еңбекшіқазақ ауданында бір үйден 3 адам COVID-19 жұқтырды

Еңбекшіқазақ ауданында бір үйден 3 адам COVID-19 жұқтырды

Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Өрікті ауылының 3 тұрғынының коронавриспен ауырған жағдайы тіркелді. 1996, 1997 жəне 2004 жылы туған бұл үш азамат бір отбасының мүшелері, — деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.

Олар — бұған дейін ауыруы тіркелген 1969 жылы туған пациенттің туыстары.

Қазір олар Еңбекшіқазақ ауданаралық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.
23 сəуір күнгі сағат 20.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 68 болды.

Талғар-ақпарат