541 бос жұмыс орындары ұсынылды

541  бос  жұмыс  орындары  ұсынылды

Жолдау аясында

«Бос лауазымдар жәрмеңкесі бұл – жұмыссыз жүрген жастар үшін бірнеше сағат ішінде ондаған жұмыс берушімен сұхбаттасатын өте қолайлы мүмкіндік», – дейді аталмыш шараны ұйымдастырушылар. Шындығында да орталық «Тәуіп» базарында өткен «Бос орындар жәрмеңкесіне» «ИНТЕЛЛСЕРВИС» ЖШС, «КЕРУЕН+» ЖШС, «GLASMAN» ЖШС, «TEKSTI MARKET» ЖШС, «BARON» ЖШС, «ОБИС» ЖШС, «Тәртіп» АО, Коллекторлық агенттік, «Сыдықов» жеке сот орындаушы, орталық аудандық ауруханасы және білім бөлімі, сонымен қатар аудандық жұмыспен қамту орталығы қатысып, 541 бос жұмыс орындарын ұсынды. Сонымен қатар жәрмеңкеде тұрғындарға http://www.enbek.kz еңбек биржасынан бос вакансиялар табу мүмкіндігі туралы айтылды.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жол-дауында атап көрсетілген басым бағыттарды, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өткен жәрмеңкені аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Жастар үшін өткізіліп жатқан шарада қайта оқыту және жаңа мамандық алудың мүмкіндіктері, түлектерге арналған «Жастар тәжірибесі», сондай-ақ жалпы аталмыш бағдарламасы шеңберіндегі басқа да мемлекеттік қолдаулары туралы айтылды.

Жәрмеңке нәтижесінде 48 адам жұмысқа жолдама алды, оның ішінде – 27 жас кәсіптік білім беру мекемелеріне жіберілді. 94 жас қажетті кеңес алды. Аудан тұрғындары жәрмеңке барысында түйіндемелер қалдырды. Іс-шараға жастар мен қатар аудан тұрғындары да белсене қатысқанын баса айтқанымыз жөн.

Меруерт Бөлек,
«Талғар».