Мемлекет басшысының Жолдауы біршама әлеуметтік мәселелерді қамтыды. Зейнеткерлік, медицина, білім, мәдениет саласының өзекті проблемалары қаузалды. Соның ішінде білім саласына қатысты айтылған пікіріне толықтай келіспеске болмайды. «Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде», — деді Президент. Сол себепті оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшу керек екенін айтты. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс деді. Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайды жедел түзетуіміз керек, деген Президенттің сөзін ұстаздар қауымы да жақсы түсінді деп ойлаймын. Біздер де орта мектептен бастап балаларды кәсіби білімнің керісінше болашақта тигізер пайдасы мол екенін түсіндіруде еңбектенетін боламыз.
Күлпархан ҚАБАЕВА,
облыстық санаториялық үлгідегі
мектеп-интернатының мұғалімі.
ТАЛҒАР-АҚПАРАТ
TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!