Тіл — үлкен саясаттың құралы

Тіл — үлкен саясаттың құралы

Еліміз егемендігін алып, туымызды тіктеген кезеңнен бері ұлттық мәдениетіміздің төңірегінде бірқатар маңызды мәселелердің көтерілгенін білеміз. Солардың ішіндегі күрмеуі жазылмай келе жатқан түйткілдің бірі — мемлекеттік тіл мәселесі екені белгілі. Десек те, бұған дейін мемлекет тарапынан осы бір олқылықты оңалту мақсатында бірқатар жұмыстар жасалғанын және нәтиже бергенін көрдік. Бірақ бұл дегеніміз — мемлекеттік тілге қатысты мәселелердің барлығы дерлік шешімін тапты деген сөз емес.

Осыны ескерген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы мемелекеттік тілдің мәртебесіне тоқталғаны көңіл қуантады. Президент өз кезегінде қоғамдық келісімді нығайтудағы мемлекеттік тілдің атқарар рөлінің маңызға ие екендігін қадап айтты. Және де, Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңнің келгендігін ескерткені, осы уақытқа дейінгі ел арасында жүрген жаңсақ пікірлерге қойған нүктесі болды.  Тілді үлкен саясаттың құралы деген президент сөзі, мемлекеттік тілдің маңызы мен мәнін ашып көрсетті деп ойлаймын.

 

Алматы облысы»Тіл» оқу-әдістемелік орталығы

Талғар аудандық филиалының әдіскер-оқытушысы

Мамырбаева Гүлнар

ТАЛҒАР-АҚПАРАТ

TELEGRAM  КАНАЛЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!