Алматылық үш альпинист шың басында қалып қойды
«Жеңіс» шыңында Алматылық үш альпинист қалып қойды. Мұрат Өтебаев, Андрей Корнеев аман қалған ал Александр Чечулин өкпе қабынуынан қайтыс болған,–деп хабарлайды Талғар-ақпарат ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Ауа- райының қолайсыздығы мен қажетті құрал-жабдықтардың жетіспеуінен альпинистер тобы базалық лагерьге уақытында түсе алмады. Аман қалған Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев ешкіммен байланыса алмайды», — деп жазды альпинистің қызы Айгүл Матай өзінің instagarm парақшасында.
Айгүлдің сөзінше , Қырғызстан ТЖМ құтқару тобы МИ-8 тікұшағымен 6600 метр биіктікке жақын аймақтарды шолып өткен көрінеді. Деседе, ауа-райының тудырған қолайсыздығына байланысты іздеу жұмыстары тоқтатылған.
Осыған орай, олар бүгін бір топ альпинистермен бірге Бұрындай әуежайынан Алматыға ұшпақшы.
«Ауа-райы қолайсыз болғандықтан, құтқару тобын жаяу жіберуге болады. Азаматтық тікұшақтар биіктіктегі шамадан тыс қысымға төтеп бере алмайды. Достар, қазақстандықтар, мұндай жағдайда көмектесулеріңізді сұраймыз!. Біз әр күнімізді олардың тірі екеніне деген үмітпен өткізіп келеміз. Әкемнің жолдастары, олардың аман-есен үйге оралуына көмектесіңіздер. Бізге алтыншы санаттағы тауларға шығу құқығы бар кәсіби альпинистер қажет. Өздеріңізбен бірге төлқұжат немесе жеке куәлік болуы керек. Жол қиын, бірақ үміт бар. Қазіргі уақытта мұздықта альпинистер жоқ. Мен сонымен қатар Қырғызстанның ең тәжірибелі альпинистеріне жүгінемін», — деген қыз өзінің хабарламасында.
Мұрат Өтепбаевқа келер болсақ оның альпинизм бойынша 13 жылдық тәжірибесі бар. Альпі Азия командасының жаттықтырушысы болып қызымет атқарады, төрт баланың әкесі.
Өз кезегінде ІІМ ТЖК-і іздестіру жұмыстарын ҚР Қорғаныс министрлігімен бірге жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
«Тікұшақтар дайын. Біз ауа-райының жақсаруын күтеміз», — деді ҚР ІІМ Төтенше жағдай өкілдері.
Талғар-ақпарат
1 Пікір
Жоғалған алматылық альпинистер табылмады - Талғар газеті 21.08.2019 at 10:07
[…] Еске сала кетсек, бұдан бұрын алматылық үш альпинистің Қырғызстан беткейіндегі Тянь-Шань тауында қар құрсауында қалып қойғаны туралы жазған едік. […]