Ыдыс жуғаннан келетін қауіп

Ыдыс жуғаннан келетін қауіп

Қырғызстанның фармацевтикалық компанияларының дезинфекциялау құралдары бойынша маманы Жамал Тоқтосунова, ыдыс жуу құралдарынан келетін адам ағзасына деген қауіпті атап өтті,–деп хабарлайды ТалғарАқпарат.

«Жуу құралдарын алтын кезде мұқият назар аударыңыз! Құрамына қосылатын ПБЗ (психобелсенді заттар) үлкен концентрацияларда өте қауіпті, сондықтан олардың мөлшері 5 пайыздан аспауы тиіс. Жуғыш зат құрамында фосфаттар болмауы тиіс: себебі олар тері арқылы оңай өтіп қанға түседі де, диатез, дерматит, аллергия тудырады, тыныс алу жолдарынада зақымын тигізеді, метаболизм проблемаларының шығуына түрткі болады. Ал бояғыштар мен хош иістендіргіштерге келер болсақ — бұл артық химия», — дейді Тоқтосунова.

Жуғыш зат құрамынан табылған осы төркіндегі қоспалар, адам ағзасын біртіндеп улайтыны белгілі болды.

«Зиян әсерді төмендету үшін ыдыс-аяқты қолғаппен жуғаныңыз жөн. Жуғыш сұйықтықты ыдысқа емес, губкаға тамызу керек. Ыдысты жуған кезде суыңыздың ыстық болуын қадағалаңыз, өйткені суық суда жуу құралының тиімділігі аз және көбірек күш жұмсалады, демек ағзаға түсу қаупі де, жоғары болады деген сөз. Майлы, бояулы ыдыс кірлерін жақсы кетіретін органикалық қышқылдар (лимон, сірке суы, сүт, гликоль) бар құралдарды таңдау керек. Ыдысты жуу құралынан кейін мұқият шаю керек, мұны кемінде 20-30 секунд жасау керек», — дейді фармацевт.

Маманның айтуынша ыдысты сумен жақсылап шаймаған жағыдайда  ПБЗ шөгеді. Содан кейін олар көрінбейтін пленка түзеді және тағаммен бірге ағзаға түсуі мүмкін. Деніңіз сау болсын десеңіз ішер асыңызға ғана емес, ыдыс тазалығына да мұқият болыңыз.

Талғар-ақпарт