Жеке тұлғалар үшін кешегі күннен бастап салықтық рақымшылық жасау туралы заң күшіне енді, деп хабарлайды ТалғарАқпарат Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Заң негізінде 2019 жылдың қаңтар айына дейін жиналған өсімпұлдар кешіріледі деп көрсетілген. Бірақ алдымен салықтың негізгі қарызы өтелуі қажет. Қаржы министірлігінің мәліметінше, елімізде жыл басындағы 1,4 миллион теңге жеке тұлғаның қарызы салық бойынша 20,9 миллиард теңгеге дейін жеткен. Көрсетілген соманың 14,3 миллиард теңгесі негізгі берешектің көлемін құраса, 6,6 пайызы өсімпұлдың көрсеткіші екен.
— Негізгі салық қарызының басым бөлігі автокөлік құралдарына тиесілі. Одан кейін жылжымайтын мүлік салығы тұр. Салық төлеуге салғырт қарап жүрген ел тұрғындары ішінде шымкенттіктер алда тұр. Шымкент қаласындағы салығын төлемей жүрген адамдар саны 148 мың адамға жеткен. Одан кейінгі Түркістан облысы. Салық жөнінде берешегі бар адамдардың саны 139 мың. ары қарай Жабыл облысында — 116 мың адам, Нұр-Сұлтан қаласында 114 мың адамның мемлекет алдында қарызы бар,-дейді Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов.
Жалпы алғанда салықтық берешектің сомасы жағынан Алматы қаласы көш басында. Алматы қаласында төленбеген салық сомасы 5,5 миллиард теңгеге жеткен. Бұл дегеніміз Шымкентпен салыстырғанда салығы төленбегендер саны жағынан артта болғанмен, жалпы берешек сомасы бойынша алда тұр деген сөз. Кейінгі орындарда Нұр-Сұлатан қаласы, Маңғыстау облысы (2 миллиард) және Шымкент қалалары (1,6 миллиард) тұр.
Салық рақымшығының ең бір тиімді жағы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, десекте осы кәсіптен пайда тауып салықтық қарызға батқандар өсімпұлдан құтылады. Жоғардағы берешектің бәрі 2002-2003 жылдары салық органдары жергілікті жүйеден жалпы республикалық салықтық ақпарттық жүйеге (БСАЖ) көшкенде шыққан.
-Салық пайызын есептен шығару үшін, мемлекеттік мекемелердің есігін қағудың қажеті жоқ. Тек сол қарыздың негізгі бөлігін төлесе болғаны. Мемлекеттік кірістер жауапты орган өкілдері күн сайын жеке тұлғалардың есепшоттарын назарда ұстайды. Салық қарызының негізгі бөлігі төленгеннен кейін, үш күннің ішінде өсімпұл есептен шығарылады, -дейді вице-министр Баеділов.