Грузияны бағындырған Димаш
«Golden argo-2019» халықаралық байқауында қазақстандық жас ақын Дінмұхаммед Бекболатұлы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды ТалғарАқпарат облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Дінмұхаммед Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тумасы. Көлді орта мектебінің 8-ші сыныбында оқиды. Ол 27 маусым мен 3 шілде аралығында Украина, Литва, Болгария, Түркия, Армения, Азербайжан, Иран мемлекеттерінен 200-ге жуық жас өрен қатысқан байқауда бағын сынаған. Әбубәкір Қайранның «Қасқыр» атты өлеңін нақышына келтіре айтып, қазылар алқасының жоғарғы бағасын алды.
Жас ақынның шығармашылығын шыңдауға анасы әрқашан қолдау көрсетеді. Ол осыған дейін «Мен де жұлдыз боламын» атты республикалық конкурсына қатысып, халықаралық ақындар жарысының лауреаты атанған. Жас ақын алдағы уақытта өзінің жеке шығармашылық кешін беруді жоспарлап жүр екен.
ТалғарАқпарат