Игорь Крутой Абай өлеңін оқыды!

Игорь Крутой Абай өлеңін оқыды!

Тоғыз жасар қыз Ләйлім-Шырақтың эстафетасын қабылдаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамасы қоғам қызығушылығын тудыруда, деп хабарлайды ТалғарАқпарат.

Ел президенті өз кезегінде бұл эстафетаны әлемді әнімен тәнті еткен Димаш Құдайбергеновке жолдаған болатын. Енді, міне, қазақтың ұлы ақыны Абай өлеңдерін жатқа оқудың кезегі көршілес Ресей елінің xалық әртісі, композитор Игорь Крутой арқылы өз жалғасын тапты. Сазгер өзінің инстаграм парақшасына салған аталмыш видеосында бұл эстафетаны өзінің досы, сол елдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағанбетовке жолдады.

Талғар-ақпарат